Тәуелсіздік –ұлт мұраты, ұрпақ болашағы

2015 жыл 18 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздігі мерекесіне орай, Іле ауданы әкімінің аудандық балалар кітапханасында  «Тәуелсіздік –ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікке «Қуат» бала бақшасының бүлдіршіндері , саз пәні  мұғалімі, топтың тәрбиешілері және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Бұл ертеңгіліктің   мақсаты: бүлдіршіндерді  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстырып,  Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйретіп,  елінің, жерінің патриоты ретінде тәрбиелеу.

Мерекелік ертеңгілік Қазақстан Республикасының Гимнімен  ашылып, Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры Жәбиева Мейрамгүл Түйебайқызы құттықтау сөз айтты. Бүлдіршіндер  өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық ән шырқап, би билеп, балдай тәтті тілдерімен өлең жолдарын оқыды.

Ертеңгіліктің соңында кітап көрмесі насихатталынып, сыйға кітап беріліп, бүлдіршіндерге тәттілер ұсынылды.

 

 

Реклама