ПОЭЗИЯ! МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!

Қараой ауылдық кітапханасында М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Поэзия! Менімен егіз бе едің?!» атты сазды  кеш өтті. Кешке 30 адам қатысып, «Хан тәңірінің мұзбалағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты слайд көрсетілді. «Кең дала әжелер ансамблі» және оның мүшесі Тажиева Секер, Садыкова Бағдат, Орынтаев Жанкелді сынды әншілердің орындауында Мұқағалидың сөзіне жазылған тамаша әндері шырқалып, №18 орта мектеп оқушылары Мұхамаед Бекзат, Төлегенова Аяла, Нұрғали Саяхат, Молдахмет Томирис, Құдысбекқызы Лаура, Алдахмет Жания, Кенегесбай Зере, Байсұлтанов Қуандық ақын өлеңдерін мәнерлеп,жатқа оқып, көрерменге кеңінен насихатталды.

Реклама