Жырларым-жүрегімнің үні

2015 жыл 13 қарашада №13 М.Мақатаев атындағы орта мектептебінің мәжіліс залында Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақиық ақын, жерлесіміз- Нүсіпбек Исахметовтың 80 жылдығына орай «Жырларым-жүрегімнің үні» атты еске алу кеші аталып өтті.

Еске алу кештің мақсаты:IMG_8092 Ақынның биік  адамгершілік  қасиеті, адалдықты, туған жерге деген шынайы  сүйіспеншілікті жырлайтын  туындыларымен оқырманды  тереңірек таныстыру.

Кешті Іле ауданы әкімінің орынбасары Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы ашып, Нүсіпбек IMG_8103Исахметовтың өмірі мен шығармашылығына арналған баяндама жасады және  кеш қонақтары, Н.Исахметовтың замандасы, ұлағатты ұстаз, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Кененова Төрткен Кененқызы , ұлағатты ұстаз, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Медеуова Биғайша Бесірқызы,  Іле ауданының «Құрметті азаматы», Нүсіпбек ағамызбен бірге жүрген, көз көрген IMG_8115Дүйсебек Қалиұлы сөз сөйледі. Олар Н.Исахметовты еске алып, ақынның жастық шақтарындағы естеліктерін, қызықты оқиғаларымен бөлісті.

IMG_8148Жұмбағы мен сыры, көкірекке ұялар шуағы мен нұры мол осынау ақын әлемінен  жыр шашу үшін аудандық кітапхана кітапханашылары,  Гауһар Абильдинова «Кепебұлақ»,  Гүлзат Қармысова «Айлы түндер» , Сымбат Қабақова «Бақыт», Өтеуілова Шынәсіл «Апама», Айман Нурбекова «Тағдыр»  атты ақынның  жырларымен  жыр сүйер  қауымның құлақ құрышын қандырды.

IMG_8145 Ақынның өмірі мен шығармашылығына, отбасына арналған «Жырларым жүрегімнің үні» слайд көрсетілді.

IMG_8167Кеш барысында Аяз Бетбаевтың термесі Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Амантаева Құралай «Халыққа арнау» әнін, Қараой ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрбекова Айман Манарбек Ержанұлының «Көк көгершін» әні орындалды және ҚР «Мәдениет қайраткері» Ержан Исатаев,Н.Исахметовтың ұлы Араби Исахметов орындауындаНүсіпбек Исахметов ағамыздың сөзі мен әніне жазылған «Шалкөде» әні орындалып, тұсауы кесілді.IMG_8205

Еске алу кешін Іле ауданының мәслихат хатшысы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы құттықтау сөзімен аяқтап,  Н.Исахметовтың аяулы жары –Раушан Жиенқұлова  сөз беріп, гүл шоғын сыйлады.

Кеш соңында Нүсіпбек Исахметовке арналған ас берілді.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Реклама