Желтоқсанда жалындаған жастар рухы

2015 жыл 11 қарашада Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай «Желтоқсанда жалындаған жастар рухы» атты кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға құрмет көрсету, құрбандарын еске алу. Оқырмандарға Тәуелсіздік оңай келмегендігін түсіндіру. Оларды Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктіктерін жас оқырмандарға жеткізе ұғындыру. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Кешке  Қашқынбекова Бағдат Қалиқызы шақырылып, Алматы үздіксіз білім беру колледжінің студенттері, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кеште Іле ауданы аудандық кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі Бұдұғұлова Қарлығаш Тұранқызы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қашқынбекова Бағдат Қалиқызы, Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  Сейтенова Қуаныш Қаматайқызы сөз сөйлеп, Құлатаева Фариза  «Желтоқсан желі ызғарлы» атты фильм көрсетті.

Желтоқсан оқиғасына қатысушы, ақын Қашқынбекова Бағдат Қалиқызы студенттерге Желтоқсан оқиғасы қалай өткендігі жайлы баяндап, жастарға жалынды рух сыйлап, патриоттық сезімдерін оятты. Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін оқып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Отанды сүюге, құрметтеуге шақырды.

Кеш соңында «Тәуелсіздік бастауы — Желтоқсан» атты кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды.

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s