ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІКТЕРІ

2015 жыл 30 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдау: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбына арналды.  Онда Елбасы қазіргі қалыптасқан жағдай мен ел дамуындағы негізгі тетіктерге тоқталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз басында бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтті. Президент алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтты. Мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттілігін атап, «Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар-уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталасына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп  отырамыз. Біздің мақсатымыз- елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз-Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету»,-деді Н. Назарбаев.

Елбасы Нұрұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашылары және келген оқырмандармен көріп, таныстық. Бүгінгі ғаламдық дағдарыс пен  қауіп-қатер етек алып, қоғамдық құндылықтардың, әсіресе, отансүйгіштік, қайырымдылық сияқты сезімдердің әлсіреген тұсында жасалған Жолдауда Елбасы жаһандық ахуалдан қоғамдағы әлеуметтік жағдайға дейін қамтып сөйледі. Ортақ Отанды тығырықтан алып шығатын жол көрсетті.

Әсіресе, Тәуелсіздік алған жылдардан бергі ширек ғасырға жуық кезеңде кәсіпкерлікке жағдай жасап, бизнеспен айналысқан азаматтардың аяққа тұрып кетуіне жағдай туғызған Отанға қайтарым жасайтын кез келді. Елбасы осы тұрғыда, заман талабына  сай кәсіпкерлерді өз Отанындағы жекешелендіруге қатысып, мемлекет-жекеменшік серіктестікте жұмыс жасауға шақырып отыр.

Жолдауға байланысты Іле аудандық кітапханашыларының пікірлері:

Сифарей О.- Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы:

В очередном Послании Президента Н.Назарбаева «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформа, развитие», хочется отметить его дальновидность.

Президент страны затронул самые важные проблемы малообеспеченных незащищенных слоев население. Он говорил о созданий новых рабочих мест, об увеличении производительности труда.

В каждом своем Послании Глава Государства ставит важную задачу перед государством- выполнить сои обязательства перед народом Казахстана. Так, было объявлено о поднятий зарплат бюджетников, социальных пособий и стипендии.

Послание содержит призыв к консолидации всего казахстанского народа ради благополучия отечества и дает позитивный настрой, указывая конкретные шаги к выходу Казахстана на новые рубежи развития.

Я, уверена, что объединив усилия, мы выполним все поставленные масштабные задачи.

Сейтенова Қ.- Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі:

Бәріміз –біріміз үшін, Біріміз-бәріміз үшін!

Президент Жолдауында қойылған міндеттерге іспен жауап беру. Кәсіби шеберлікті ұдайы жетілдіре түсуді назардан тыс қалдырмау. Жолдауда еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылды. Тек соны нәтижелі түрде жүзеге асыруға тиістіміз.

Елбасының қиындықтарды бірлесе жеңу үшін ұқыптылық пен үнемшілікке шақыруы да орынды. Жалпы, бізде әлі күнге ысырапшылық басым, ол нарықтық экономикамен сыйыспайтын жайт. Елбасы ширақ қимылдап, өнімді еңбек етсек қана алда тұрған қиындықтарды жеңуге болатынын қадап айтуы да тегін емес. Еңбектің ғана игіліктерге жеткізетіні белгілі жастардың тегін кәсіби мамандық алуына жағдай жасалатынын да жағымды жаңалық болды. Яғни, жұмысшы  мамандығының мәртебесін көтере отырып, жұмыссыздықты болдырмауға қадам жасалуда. Әр қазақстандық «Мәңгілік ел» болу жолында жұдырықтай жұмылуы тиіс.

Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы:  М.Ахмедиева

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 30 қараша күні Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму»  тақырыбын қамтыды.

Жолдауын жариялауды бастаған Елбасы өз сөзінде бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екеніне тоқталды. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай болуымыз керек дей келе, уақыт талабына бейімделіп, біздің мақсатымыз қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік ел ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынақосылып,бай да қуатты елдермен иық түйістіру.

Елбасы биылғы кезекті Жолдауында әлеуметтік қорғау, ден-саулық сақтау және білім беру салаларының қызметкерлерінің  жалақыларын  28 пайыздан 40 пайызға дейін, студенттердің степендиясын 25 пайызға көтеру, бірінші техникалық мамандығын тегін алуға жағдай жасайтын бағдарламаны жариялады. Сонымен бірге Елбасы Н.Назарбаев жастарды білімді, еңбекқор бастамшыл жене белсенді болуға шақырды.

Осы орайда балалар кітапханасының  қызметкерлерінің міндеті оқырмандарды Елбасы Жолдауымен таныстыру және оны насихаттау.  Оқырманды Жолдауда айтылған балаларға қатысты мәселелерімен таныстыра отырып,  пікірлерімен бөлісу.

Аудандық балалар кітапханасының менгерушісі: А.Амантаева

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 30 қараша күні Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму»  атты Жолдауын арнады.

Қазақстан Президенті бұл жолы да кезіккен қиыншылықты еңсерудің лайықты, өте нақты жоспарын белгілеп берді. Елбасы келер жылы Тәуелсіздігімізге 25-жыл толатының атап өтіп, Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын дей келе , әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып бай да қуатты елдермен йық түйістіру біздің басты  мақсатымыз және міндетіміз деді.

Осы орайда кітапхана қызметкерлерінің міндеті- оқырмандарды Елбасы Жолдауымен таныстыру және оны насихаттау. Балалар кітапханасының мақсаты мен міндеті оқырманды Жолдауға айтылған балаларға қатысты мәселелермен таныстыру және пікірлерімен бөлісу.

Іле ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасының  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы : Абильдинова.Г.Е.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсу, реформалар,даму» деп атағанын ел тұрғындары түсіністікпен әрі терең сезініп, қабылдады деп ойлаймын. Өйткені, жаңа ғаламдық жағдайдағы еліміздің іс-қимыл стратегиясы мен дамуы әр адамды айрықша алаңдатып отырғаны сөзсіз.  Сондықтанда Елбасымыздың бұл Жолдауының саяси жағынан да, экономикалық-әлеуметтік жағынан да маңызы аса зор.  Елбасының бюджетке түсетін табысты арттырудың мүмкіндіктерін қарастыру,теңгенің мәртебесін көтеру,бизнесмендердің шет елдегі қаржысын Қазақстанға әкеліп,оларды жекешелендіруге қатысуға  шақыру, зейнетақы қорына жиналған қаржыны бизнесті несиелендіруге жұмсауға болмайтыны жөніндегі ойлары құптарлық.  Бұл әрбір қазақстандықтың көкейінде  жүрген  ойлар.  Маған Елбасының қиындықтардың барлығы өтетінін, оның барлығы еңсерілетінін сеніммен айтқаны ұнады.  Президент атап көрсеткендей  2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» атты жаңа жоба іске қосылмақ. Шынында, мектепті тәмамдап,содан кейін қандай жұмыс істерін білмейтін жас азаматтар көп. Міне, бұл жоба жастар үшін тиімді. Түсіне білгенге, бұл үлкен игі шара. Жалпы, Елбасы Жолдауынан еліміздің мақат –мүддесін анық көруге болады.  Халық та Елбасынан осындай мән мағынасы терең сөз күтті деп ойлаймын. Біз  кітапханашылар қауымы   барша халықты елдің игілігі мен мемлекеттің өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге шақырамыз.  Елбасының жүрегінен шыққан жүйелі сөз бірлігін ту еткен  мемлекетімізді жарқын болашаққа бастай беретініне сеніміміз мол.

   

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s