Іс-шаралар

Ақши ауылдық кітапханасында Қазақ хандығының құрылғанына -550 жыл толуына орай «Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» атты  тақырыпта тарихи  конференция өтті.

Конференция жұмысына Іле  аудандық  Маслихаты   хатшысы — Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, Іле   ауданы   әкімінің   аудандық  кітапханасының  директоры-  Жабиева  Мейрамкүл Түйебайқызы, аудандық  кітапхананың  әдістеме   бөлімінің  меңгерушісі, Бұдұғұлова Қарлығаш Тұранқызы, аудандық «Іле  таңы» газетінің  фото- тілшісі Чойбасов  Бағдат, Германиядан  келген  қонақтар : Квазиновский Веньямин Мұратбаева  Бақыт, Күрті  округінің   әкімі- Өгізбаев  Даниял Рахымбайұлы ,ауыл  ақсақалы, кітапхананың белсенді оқырманы- Сүлейменов  Айтбай және ауыл  ақсақалдары, мекеме  басшылары,  тарих  пәнінің   мұғалімдері,  көпшілік  оқырмандар, №41,8 мектеп оқушылары барлығы-70 қатысты.

«Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» деген  тақырыппен  өткен конференцияны Іле   аудандық  Маслихат  хатшысы – Тұрымбетов  Ерболат Сапарұлы  сөз сөйлеп ашып берді.Конференция барысында  қазақ хандығы кезінде -аты əйгілі болған ұлы адамдардың тұлғасын таныту мақсатында «Қазақ хандығына -550 жыл» атты деректі   фильмді, «Ұлы дала дүбірі» слайд-шоу көрсетіліп, «Еншісін алған еркін ел» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылып, конференцияға қатысушыларға таныстырылып, шолу жасалды.

Біз елімізді қалыптастырған аталарымыздың ерліктері мен еңбектерін тарих беттеріне мəңгілік қылып алтын əріппен жазып, ұрпақтар санасына қалыптастырып, аманат етуіміз қажет. Біз қашанда тарихымызбен, тұлғаларымызбен мақтануымыз керек. Ұлан жердің ұлы  хандары ұлықталып, ұрпақтар санасына шыңайы тарихымызды ұқтыруымыз керек деді – «Ерліктің   арқауы, елдіктің  бастауы- қазақ  хандығы»  тақырыбында сөйлеген баяндамасында   ауыл  әкімі Өгізбаев  Даниял Рахымбайұлы .  « Қазақ  хандығының  құрылуы: Керей  мен  Жәнібек  сұлтандар»  тақырыбында  № 8 мектептің   тарих  пәнінің  мұғалімі Байжанова  Гүлжан  Нұрқашқызы, «Аңырақай  шайқасы – қазақ  халқының  биік  рухының айғағы»   тақырыбында Ақши  ауылдық ардагерлер  кеңесінің  мүшесі Абыханов  Ахмет  Абыханұлы, «Мың  бала ерлігі — ұрпаққа  ұран» тақырыбында  № 41 мектептің  тарих пәнінің мұғалімі  -Байжанова Ғалия

Тәттібайқызы баяндама жасады. Бүгінгі шара аясында, кешке қатысушылар мерейлі мерекенің тарихи маңыздылығына тоқталып өтіп, жас буынды ұлттық мəдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу жөнінде əңгіме өрбітті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның жастар қауымы үшін берері мол. Сондықтан осындай маңызы ерекше іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табары сөзсіз.

«Біздің  Қазақстанымыз-ұлы  істердің  ұйытқысы  болған Ұлы  дала  елі» тақырыбында №8 мектептің  9 сынып  оқушысы –Нұралхан  Айдын: Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол –қазақтың Ұлы Конференция   қонағы, кітапхананың  белсенді   оқырманы, ардагерлер  кеңесінің   мүшесі – Сүлейменов Айтбай  ақсақал  конференцияға  қатысушыларды мерекемен  құттықтап, өзінің  «Бабалар  ерлігі» өлеңін оқып, қалың  оқырманға  тарту   етті. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз деп, өз сөзін аяқтады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s