Жаңа әдебиеттер

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітап екені баршаға аян.

Кітап — адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.

Кітап оқу адамның ой-өрісін дамытып, тың идеяларға жол ашады. Білмегеніңді кітаптан оқып үйреніп, күн сайын өзіңді алға қарай дамытуға қадам жасайсың. Кітапты көп оқыған адаммен тілдесу, сұхбаттасу қызығырақ, өйткені, оның бөлісер ойы, берер қызықты ақпараты көп болады.

Жақсы кітап —  керемет ұстаз! Кітапты беріле оқыған сайын қаламгермен тілдескендей сезімге түсесің. Сөйлеу мәнерің де жақсара түседі. Теңеу, метафора, тұрақты сөз тіркестерін қолдана сөйлейтін дағды қалыптасады. Мектепте немесе жоғары оқу орнында үйретпеген тақырыптарды әрдайым кітаптан таба отырып, сана-сезімің мен парасаттылығыңды дамытуға әбден болады.

Қазіргі кезде кітап оқудан гөрі өз уақытын әлеуметтік желілерде көп өткізетін жастарды байқап жүрміз. Алайда, олар әрдайым сауатты жаза бермейді. Тыныс белгілерін былай қойғанда, қарапайым қолданыстағы сөздерді де дұрыс жаза алмайды. Қатеге тұнып тұрған хабарлама алған кімге ұнайды? Сондықтан, құрметті достар, өз білімдеріңізді толықтырып, кітап оқи жүріңіздер. Өйткені, кітап оқығанның пайдасы шаш етектен!

Құрметті кітапсүйер қауым! Сіздерді кітапханамызға келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

Асанәлі ӘШІМҰЛЫ. 1-том: Майраның әні.

Бернар Вербер. Зеркало Кассандры

Бернар ВЕРБЕР. Революция муравьев.

Амантай Ахетов. Властелин духа.

Фариза Оңғарсынова. Толық шығармалар жинағы.1-6 том.

Асқарбек Бектемісов. Жүрек жылуы.

Табыл Құлыяс. Таңдамалы.

Кеңесжан Шалқар. Шығармалары.

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ. Көк тудың желбірегені.

Қажығали Мұханбетқалиұлы. ШЫҒАРМАЛАРЫ.

Нұрмұқан ЖАНҰЗАҚҰЛЫ. Бір ауыз сөзім-мың ділда.

Қастек БАЯНБАЙ. Ақшам.

Қуандық Шолақ. Күзде гүлдеген тобылғы.

Ілияс Есенберлиннің поэзиясы.

Ілияс Есенберлин. Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар.

Қалихан Ысқақ. Көркем сөздің ХАС ШЕБЕРІ.

Ғұсман Жандыбаев. Ақсүйек — арман пырақ.

Ғалым Әріп. Өмірді өлшемеймін мен өз бағаммен…

Дәулетжан Тапиұлы. Өмір философиясы.

Тортай Сәдуақас. Шығармалар жинағы.

Мінуар ӘКІМХАНОВ. Көңілге тұнған көп сурет.

Қаршыға Есімсейітова. Ұмытпа мені.

Б.Кәрібаев. Қазақ хандығының құрылу тарихы.

Б.Кәрібаев. Қазақ ХАНДАРЫ

Адольф Арцишевский. ОДНАЖДЫ ПОСЛЕ ВОЙНЫ.

Константин Кешин. Страстные силы мира.

Николай Веревочкин. Человек без имени.

Реклама