«Алаш мұрасы – Мәңгілік Ел игілігінде»-онлайн конференция

«Алаш мұрасы – Мәңгілік Ел игілігінде»-онлайн конференция
2017 жылы Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аясында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы, Алматы облыстық С. Сейфуллин атындағы кітапханамен бірге және Іле аудандық кітапханасының қатысуымен «Алаш мұрасы – Мәңгілік Ел игілігінде» атты тақырыпта онлайн-конференция өткізді. Конференция барысында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы «Алаш» http://alash.semeylib.kz/ электронды кітапханасымен таныстыра отырып, алаш қайраткерлерінің еңбектерін, олардың қоғамдық-саяси қызметі туралы жазылған еңбектерді қалай іздеп табуға болатыны көрсетті.
Конференцияға Жетісудан: І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің тарихшы ғалымдары, Талдықорған қалалық білім басқармасының орта білім оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас мамандары, Іле ауданының кітапханашы мамандары қатысты.. Іле аудандық кітапханасы оқырмандардың қатысуымен «Алаш оқуларын» өткізді. Сөз алған, №13 М.Мақатаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, кітапхананың белсенді оқырманы Ырыскелді Мейіржан:Алаш арыстары заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне атсалысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда олар қанын да , жанын да аяған жоқ .- дей келе, олардың өмір жолы жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеуде басты бағдар деп санаймыз деп ойын қортындылады. Кітапхана оқырманы , 9 сынып оқушысы Серкболов Бақытжан С. Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін жатқа оқыды.
Фото Аудандық Кітапхана Іле.

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

Реклама

Ничего не найдено

Запрошенную информацию найти не удалось. Возможно, будет полезен поиск по сайту.